Олжас Сүлейменовтің мерейтойына арналған қалалық интеллектуалдық байқау
Олжас Сүлейменовтің мерейтойына орай Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде қазақтың ақыны, жазушысы, қоғам қайраткері әрі ойшылы Олжас Омарұлы Сүлейменовтің туғанына 90 жыл және «Жер, адамға тағзым ет!» поэмасына 65 жыл толуына арналған қалалық интеллектуалдық байқау өтті. Аталған байқауға Талдықорған қаласындағы 5 колледж қатысты. Байқау қатысушылары әдебиетке деген қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, Қазақстанның мәдени мұрасына құрмет пен ұлы ақын поэзиясын насихаттауға өз үлестерін қосты. Байқау қорытындысы бойынша:І орын – «Авиценна» медициналық колледжі – Тұрсын ЕрасылІІ орын – Талдықорған жоғары политехникалық колледжі – Степанов СтепанІІІ орын – Талдықорған жоғары медициналық колледжі – Шаметова Дарья Қалған қатысушылар түрлі номинациялармен және алғыс хаттармен марапатталды.










