Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы– Әділбаева Т.М. 25.02.2026 ж. күні «Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану» модулі бойынша SW-425b тобында «Сату стратегиясы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Кәсіпкерлік бағыттағы сабақтарда білімгерлердің нарықтық ойлау қабілетін дамытуда сату стратегиясының маңызын түсіндіру ерекше орын алады. Осы мақсатта ұйымдастырылған ашық сабақ білім алушыларға сату стратегиясының мәні, кезеңдері және оны тиімді жүзеге асыру жолдары туралы тереңірек мағлұмат беруге бағытталды.
Сабақ барысында оқытушы білімгерлерге сату стратегиясының негізгі элементтерін – нарықты талдау, мақсатты аудиторияны анықтау, өнімнің құндылық ұсынысын қалыптастыру, баға саясаты, жарнама және өткізу арналары – интерактивті әдістер арқылы түсіндірді. Білімгерлер топтық жұмыстар орындады. Әр топқа нақты өнім беріліп, соған байланысты сату жоспарын құрастыру тапсырылды. Жұмыс барысында заманауи нарық талаптары мен бәсекелестік орта ескерілді.
Ашық сабақтың ерекшелігі – тәжірибелік бөлімнің басым болуы. Білімгерлер «Сатушы және клиент» рөлдік ойынын орындап, коммуникациялық дағдыларын дамытты. Сонымен қатар, сату кезеңдерін сәйкестендіру, тұтынушымен жұмыс жүргізу алгоритмін құру және тиімді ұсыныс жасау тапсырмалары берілді. Бұл олардың теориялық білімін тәжірибеде бекітіп, сату стратегиясын құру дағдыларын нығайтты.
Сабақ соңында білімгерлер сату стратегиясының бизнестегі маңызын, табысты арттырудағы рөлін және тұтынушымен тиімді байланыс орнату қажеттігін түсініп шықты. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, білім алушылардың белсенділігін арттырып, пәнге деген қызығушылығын күшейтті.
Арнайы пән оқытушысы–
Әділбаева Толғанай Мақсатқызы

