🏆 ЖОБАМЫЗ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҮЗДІК ЖОБАЛАР ҚАТАРЫНДА!
2026 жылғы 6 қарашада Астана қаласындағы ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжінде «Кәсіптік білім беруге жасанды интеллектіні енгізудің 1000 идеясы» атты республикалық конференция өтті.
Жобамыз облыстық іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, республикалық конференцияға қатысып, ұсынылған 18 жобаның ішінен үздік 5 жобаның қатарына енді!
Жоба авторлары:
Калиева Арайлым Мұратқызы;
Ешен Фариза Көпжасарқызы;
Тулумбекова Аяжан Турсуновна.
Жобамыздың өзектілігі мен тың идеясы «Еуразия» телеарнасының да қызығушылығын тудырды. Телеарна тілшілері әріптесіміз Калиева Арайлым Мұратқызынан сұхбат алып, жобаның мақсаты, ерекшелігі және VR технологияларын білім беру үдерісінде қолдану мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Бұл жетістік – бірлескен ізденісіміз бен еңбегіміздің нәтижесі! Қолдау білдірген колледж басшылығына және әріптестерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз!




