Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында өткен облыстық «Қайсар» әскери-патриоттық ойынында колледжіміздің командасы жоғары дайындық пен нағыз патриоттық рух танытып, жүлделі орындардан көрінді!
Жаркент жоғары педагогикалық колледжінің базасында өткен тартысты бәсекеде біздің студенттер барлық кезеңдерде белсенділік танытып, үздіктер қатарынан табылды:
Жалпы есепте: Жоғары политехникалық колледжі командасы құрметті ІІІ орынды иеленді!
Арнайы аталым:Командамыз ерекше ептілік пен күш-жігерін көрсетіп, «Кермеге тартылу» номинациясы бойынша үздік деп танылып, арнайы Мадақтамамен марапатталды.
Колледжіміздің намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген студенттерімізді және оларды жарысқа дайындаған жетекшілерді шын жүректен құттықтаймыз!
Тәртіп пен төзімділікті, отансүйгіштік пен ауызбіршілікті ту еткен жастарымыздың алар асулары әлі алда!

