Көкшетау қаласында өткен “Dosti Skills Kokshetau Championship 2026” халықаралық чемпионатында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенті Әділ Оспан “Электроника” құзыреттілігі бойынша жүлделі ІІІ орын иеленді. Қатысушыны жарысқа “Электроника” құзыреттілігі бойынша бас сарапшы Аяганова Аяжан дайындады.
Аталған халықаралық чемпионат техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы кәсіби шеберлікті дамытуға бағытталған ірі алаңдардың бірі болып табылады. Биылғы додаға Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген үздік жас мамандар қатысып, өзара кәсіби тәжірибе алмасты.
Чемпионат барысында қатысушылар теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жоғары деңгейде көрсетіп, кәсіби бәсекеде бақ сынады. “Dosti Skills Kokshetau Championship” чемпионаты WorldSkills Shanghai 2026 халықаралық чемпионатына іріктеу кезеңдерінің бірі саналады.
Бұл жетістік — Талдықорған жоғары политехникалық колледжі үшін маңызды жеңіс әрі халықаралық деңгейдегі кәсіби даярлық сапасының жоғары екенін дәлелдейді. Жеңімпазды және жетекшісін жоғары нәтижемен құттықтап, алдағы уақытта жаңа табыстар тілейді.

