Шара барысында еңбек нарығының өзекті мәселелері, жастардың қоғамдағы белсенді рөлі және кәсіби дамуы тақырыптарында мазмұнды баяндамалар ұсынылды.
Сонымен қатар әлеуметтік серіктестер мен «Алтын карточка» иегерлерін марапаттау рәсімі өтіп, олардың білім беру мен кәсіби ортаны дамытуға қосқан үлесі жоғары бағаланды.
Іс-шара аясында National Center for Construction Education and Research (NCCER) және Cisco Networking Academy халықаралық сертификаттары табысталып, студенттердің жетістіктері мен кәсіби әлеуеті ерекше атап өтілді.
«JANA QADAM – 2026» – білім мен тәжірибені ұштастырып, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашатын және олардың болашаққа сенімді қадам жасауына жол көрсететін маңызды алаң.

