2026 жылғы 7–10 қыркүйек аралығында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде жаңа оқу жылының басталуына орай «Заң және тәртіп» тақырыбында студенттермен құқықтық-түсіндіру кездесулері өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және колледждің ішкі тәртіп ережелерін түсіндіру.
Кездесулер барысында студенттерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құқықтары мен міндеттері, қоғамдық орындардағы тәртіп нормалары, құқық бұзушылықтардың салдары, сондай-ақ колледждің ішкі тәртіп талаптары жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар сабаққа тұрақты қатысу, оқу тәртібін сақтау, педагогтер мен білім алушыларға құрмет көрсету, колледж мүлкіне ұқыпты қарау, қауіпсіздік талаптарын орындау және буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесулер барысында студенттерге заң талаптарын сақтау әрбір азаматтың жауапкершілігі екендігі жеткізіліп, тәртіп пен құқықтық мәдениеттің қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудағы маңызы атап өтілді.
«Заң және тәртіп» қағидатын басшылыққа алған мұндай іс-шаралар білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, құқықтық санасын қалыптастыруға және колледжде қауіпсіз әрі қолайлы орта құруға бағытталған.

