Талдықорған жоғары политехникалық колледжі базасында 1С Сертификатталған оқыту орталығы ресми түрде өз жұмысын бастады. Орталық 1С компаниясының талаптарына сәйкес қызмет атқарып, «1С:Кәсіпорын» платформасы бойынша стандартталған әрі ресми оқытуды жүзеге асырады.
Іс-шара аясында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі өтті. Колледж директоры Нұрғожаев Ш.Б. мен «1С Қазақстан» оқу орталығының жетекшісі Керейбаева Г.М., сондай-ақ «1С-Сапа» оқу орталығы мен «Жетісу Автоматтандыру Орталығы» ЖШС өкілдері арасында әріптестік келісімдер жасалды. Бұл меморандумдар IT-білім беруді дамытуға, өндіріс пен білім беру арасындағы байланысты нығайтуға және еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған.
Жаңа орталық студенттерге нақты өндірістік кейстермен жұмыс істеуге, заманауи бағдарламалық өнімдерді меңгеруге және халықаралық деңгейдегі сертификат алу мүмкіндігін ұсынады.
Бұл — өңірдегі IT-білім беруді жаңа сапалы деңгейге көтеретін маңызды әрі стратегиялық қадам.



