«WorldSkills Zhetysu – 2026» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты

2026 жылғы 12–15 мамыр аралығында Талдықорған қаласында «WorldSkills Zhetysu – 2026» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Ауқымды додаға Жетісу облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен жас мамандары қатысты.

Чемпионаттың негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, жастардың кәсіби дағдыларын дамыту, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау және дарынды жастарды қолдау.

Биылғы чемпионат 38 құзыреттілік бойынша ұйымдастырылып, оған 24 оқу орнынан 231 қатысушы қатысты. Сайыс барысында IT және цифрлық технологиялар, графика және дизайн, өндірістік және инженерлік технологиялар, ауыл шаруашылығы, құрылыс, қызмет көрсету және білім беру бағыттары қамтылды.

Қатысушылардың жұмыстарын халықаралық WorldSkills стандарттарына сәйкес 32 тәуелсіз сарапшы бағалады. Сонымен қатар, демеушілер қолдауымен видеомонтаж, 1С, кондитерлік іс, Hotel Reception сынды арнайы құзыреттіліктер енгізілді.

WorldSkills қозғалысы – әлем бойынша кәсіби шеберлікті дамытуға бағытталған халықаралық жоба. 70 жылдан астам уақыт бойы бұл қозғалыс жас мамандардың кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, жұмысшы мамандарды даярлау стандарттарын жетілдіріп келеді. Қазақстан WorldSkills қозғалысына 2014 жылы қосылды.

Чемпионат қорытындысы бойынша Талдықорған жоғары политехникалық колледжі жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы медальдық есепте үздіктер қатарынан көрінді. Колледж қоржынында 12 алтын, 10 күміс, 14 қола медаль және 15 медальон бар.

Жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Правила публикации комментариев

Убедительно просим всех пользователей соблюдать правила общения на данной площадке.

Комментарии от анонимных пользователей не публикуются.

Комментарий может быть отклонён, если он:

  • содержит оскорбления, угрозы, разжигает ненависть или дискриминацию по расовому, этническому, половому, религиозному или социальному признаку;
    • нарушает права и интересы третьих лиц, включая несовершеннолетних;
    • содержит персональные данные третьих лиц без их согласия;
    • носит рекламный характер, содержит спам или ссылки на сторонние ресурсы с коммерческим содержанием;
    • противоречит действующему законодательству Республики Казахстан;
    • содержит нецензурную лексику, непристойные выражения или завуалированные формы таких выражений;
    • содержит личные жалобы, просьбы или обращения, требующие индивидуального рассмотрения;
    • оформлен в виде петиции или массового обращения;
    • не несёт смысловой нагрузки, является флудом или повторяющимися сообщениями;
    • трудно читаем или не поддаётся пониманию;
    • полностью или преимущественно написан заглавными буквами;
    • не структурирован (отсутствуют предложения, логика изложения).

Просим соблюдать нормы грамотности и уважительного общения. Комментарии, не соответствующие данным требованиям, могут быть удалены независимо от их содержания.

В случае систематического нарушения правил доступ к публикации комментариев может быть ограничен.

Scroll to Top