Медициналық кызмет
АЛИМХАНОВ
Руслан Жанатович
Фельдшер
Байланыс ақпараты:
Телефон: 8 (777) 217 07 05
Медициналық көмек көрсету
- Білім алушылар мен колледж қызметкерлеріне алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді.
- Жедел аурулар, жарақаттар және жазатайым оқиғалар кезінде денсаулық жағдайын бағалайды.
- Қажет болған жағдайда жедел жәрдем шақырып, зардап шеккендерді алып жүруге қатысады.
- Созылмалы аурулары бар білім алушылардың денсаулық жағдайын бақылауда ұстайды.
Алдын алу және профилактикалық жұмыс
- Өз құзыреті шеңберінде профилактикалық тексерулер жүргізеді.
- Инфекциялық аурулардың алдын алу шараларына қатысады, таңертеңгі сүзгі жүргізеді.
- Санитарлық-ағартушылық жұмыстарды ұйымдастырады (салауатты өмір салты, жеке гигиена, зиянды әдеттердің алдын алу).
- Медициналық ұйымдармен бірлесіп вакцинацияны ұйымдастыруға және бақылауға қатысады
Санитарлық-гигиеналық бақылау
- Оқу кабинеттерінде, жатақханада және асханада санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалайды.
- Студенттердің оқу және тұрмыс жағдайларын тексеруге қатысады.
- Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишаларының болуы мен жай-күйін бақылап отырады.
Құжаттама және
есеп жүргізу
- Медициналық құжаттаманы белгіленген талаптарға сай жүргізеді.
- Медициналық анықтамалар мен қаралу, жүгіну журналдарын ресімдейді.
- Дәрілік заттардың есебін жүргізіп, сақталуын және жарамдылық мерзімін бақылауды қамтамасыз етеді.
- Медициналық құпия мен дербес деректердің сақталуын қамтамасыз етеді.
Өзара іс-қимыл және
ұйымдастырушылық қызмет
- Медициналық ұйымдармен, жедел жәрдем қызметімен және уәкілетті санитарлық-эпидемиологиялық органдармен өзара әрекеттеседі.
- Құзыреті аясында білім алушылардың денсаулық жағдайы туралы колледж әкімшілігін хабардар етеді.
- Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады.
Төтенше жағдайлар
және қауіпсіздік
- Төтенше жағдайлар, жарақаттар және жаппай сырқаттану кезінде медициналық көмек көрсетеді.
- Білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және іске асыруға қатысады.
- Білім алушылар мен қызметкерлерге алғашқы көмек көрсету дағдылары бойынша оқыту жүргізеді.
