«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Жаныңда жүр жақсы адам» жобасы бойынша Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, ұлағатты ұстаз Инсенов Арғынғазы Жанайұлымен тағылымды кездесу кеші өтті.
Кездесу барысында студенттер ұстаздың өмірлік тәжірибесімен, саналы ғұмырындағы еңбек жолымен және ұстаздық қызметінің ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар адамгершілік құндылықтар, тәрбие мен білімнің маңызы, колледж тарихы жайлы әсерлі әңгіме өрбіп, білім алушылар көкейлеріндегі сұрақтарына тұщымды жауап алды.
Арғынғазы Жанайұлының өнегелі өмір жолы мен ақыл-кеңестері студенттерге ерекше әсер сыйлап, олардың рухани дамуына оң ықпал етті. Кездесу жастарды үлкенді құрметтеуге, білімге ұмтылуға және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға үндеді.
Іс-шараны «Жаратылыстану-математикалық пәндер» кафедрасының оқытушылары Бейсагулов Ержан Бейсагулович пен Агибаева Эльмира Калиевна ұйымдастырды.

