«Есіңе мені алғайсың» атты қала колледждері студенттері арасындағы қалалық байқау

9 ақпан күні Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде Талдықорған қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту орталығымен бірлесе отырып, қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Есіңе мені алғайсың» атты қала колледждері студенттері арасындағы қалалық байқау ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты – Мұқағали Мақатаев поэзиясының халық арасында кеңінен таралуының мәнін ашу, оның шығармашылығының өміршеңдік сырын таныту, сондай-ақ ақын өлеңдерінің музыкамен үндесу ерекшелігін көрсету. Байқау барысында ақынның сөзіне жазылған әндер көпшілік назарына ұсынылды.

Байқауға қала колледждерінен 9 студент қатысып, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін және оның өлеңдеріне жазылған әндерді асқан шеберлікпен орындады. Қатысушылардың өнері көрермендерге терең әсер қалдырып, ақын шығармашылығына деген құрмет пен сүйіспеншілікті айқын көрсетті.

Аталған мәдени іс-шара жастардың рухани дүниесін байытып, ұлттық поэзияға деген қызығушылығын арттыруға және әдеби мұраны насихаттауға зор үлес қосты.

Правила публикации комментариев

Убедительно просим всех пользователей соблюдать правила общения на данной площадке.

Комментарии от анонимных пользователей не публикуются.

Комментарий может быть отклонён, если он:

  • содержит оскорбления, угрозы, разжигает ненависть или дискриминацию по расовому, этническому, половому, религиозному или социальному признаку;
    • нарушает права и интересы третьих лиц, включая несовершеннолетних;
    • содержит персональные данные третьих лиц без их согласия;
    • носит рекламный характер, содержит спам или ссылки на сторонние ресурсы с коммерческим содержанием;
    • противоречит действующему законодательству Республики Казахстан;
    • содержит нецензурную лексику, непристойные выражения или завуалированные формы таких выражений;
    • содержит личные жалобы, просьбы или обращения, требующие индивидуального рассмотрения;
    • оформлен в виде петиции или массового обращения;
    • не несёт смысловой нагрузки, является флудом или повторяющимися сообщениями;
    • трудно читаем или не поддаётся пониманию;
    • полностью или преимущественно написан заглавными буквами;
    • не структурирован (отсутствуют предложения, логика изложения).

Просим соблюдать нормы грамотности и уважительного общения. Комментарии, не соответствующие данным требованиям, могут быть удалены независимо от их содержания.

В случае систематического нарушения правил доступ к публикации комментариев может быть ограничен.

Scroll to Top