4 ақпан күні «7 Электроника, автоматтандыру және робототехника» кафедрасы апталығы аясында арнайы пән оқытушылары Қалпебаев Қ. Д., Бауыржанова М. О., Ихсанова А. С., Сейд-Оглы Н. Х. «Байланыс жүйелерінің негіздері және оларды тәжірибеде қолдану» тақырыбында облыстық деңгейде шебер-сынып өткізді.
Шебер-сыныптың негізгі мақсаты — байланыс жүйелерінің құрылымын, жұмыс істеу принциптерін және олардың заманауи технологиялардағы маңызын түсіндіру, сондай-ақ теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру.
Іс-шараға түрлі колледждерден келген қатысушылар қатысып, оқытушылардың практикалық тәжірибесімен танысып, кәсіби бағытта өзара пікір алмасты. Шебер-сынып барысында байланыс жүйелерін оқу үдерісінде және өндірістік ортада қолдану жолдары жан-жақты қарастырылды.
Шара соңында қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табысталды. Аталған іс-шара педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына және техникалық білім сапасын арттыруға ықпал етті.

