Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Оразова Зарина Оразовна 05.02.2026ж. күні «Үйді автоматтандыру жүйелерін енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу» модульі бойынша Рет-43b тобында «Бейнебақылауды жүйеге орнату және қосу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Бұл сабақта білімгерлер Бейнебақылау стендта кабельді желілер көмегімен іске қосуды және қолданылуын үйренді
Бұл сабақта студенттер бейнебақылау жүйесінің негізгі элементтерімен танысты:
• Бейнекамералар (ішкі және сыртқы)
• Бейнетіркеу құрылғысы (DVR/NVR)
• Қуат көздері
• Кабельдер және қосқыштар
• Монитор және желілік құрылғылар
Сонымен қатар аналогтық және IP-бейнебақылау жүйелерінің айырмашылықтары қарастырдық.
Сабақ соңында білімгерлер:
• Бейнебақылау жүйесінің құрылымын біледі
• Құрылғыларды дұрыс қосу ретін түсінеді
• Жүйені бастапқы баптай алады
• Қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жұмыс істей алады
Арнайы пән оқытушысы, педагог Оразова Зарина Оразовна


