10 ақпан күні №1 «Тіл білімі және қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы Г. К. Андасова қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Мұхтар Шахановтың «Компьютербасты жарты адамдар» концепциясы тақырыбында облыс көлемінде ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында білімгерлер белсенділік танытып, шығармадағы негізгі идеяны терең талдады. Технология дәуіріндегі рухани құндылықтар мәселесі төңірегінде өз ойларын ортаға салып, оны бүгінгі өмірмен байланыстыра білді. Талқылау барысында студенттер автор көзқарасын саралап, шығарманың өзектілігін қазіргі қоғаммен салыстырып бағалады.
Сонымен қатар, білім алушылар өз пікірлерін жүйелі әрі дәлелді түрде жеткізуге дағдыланды. Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтіп, тәжірибе алмасуға және заманауи әдеби талдау тәсілдерін көрсетуге мүмкіндік берді.


