Колледждің бөлім студенттері арасында «SMART STUDENT: білім, логика, технология» атты интеллектуалды іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тартысты өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің білім деңгейін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және заманауи технологияларға деген қызығушылығын күшейту.
Интеллектуалды сайыс барысында студенттер бірнеше кезең бойынша өзара бақ сынасты. Тапсырмалар білім, логика және технология бағыттарын қамтып, қатысушылардың жылдам ойлау, талдау, шешім қабылдау және топпен жұмыс жасау дағдыларын айқындады. Іс-шараға барлығы 11 команда қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командалар:
- DT-511b
- RET-411b
- RET-43b
Аталған интеллектуалды іс-шара студенттердің танымдық қызығушылығын арттырып, білім мен технологияның қазіргі қоғамдағы маңызын терең түсінуге ықпал етті. Осындай мазмұнды, білімге бағытталған іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп күтіледі.
Жауаптылар:
Нұрмышева Г. Б., Бауыржанова М. Ө., Бигалиев М. С.

