Хасен Нұрбол — жеңіл атлетикадан республикалық жарыстардың жеңімпазы

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі тек білікті мамандарды ғана емес, сонымен қатар мықты спортшыларды тәрбиелейтін оқу орны ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді. Колледж студенті Хасен Нұрбол Алматы қаласында өткен, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ольга Николаевна Гиржонды еске алуға арналған жеңіл атлетикадан республикалық жарыста жеңімпаз атанды.

Хасен Нұрбол 2008–2009 жылдары туған спортшылар арасында өнер көрсетіп, жоғары деңгейдегі физикалық дайындығы мен тактикалық шеберлігін көрсетті. Ол 600 метр қашықтықта ерекше нәтиже көрсетіп, 1 минут 34,7 секунд көрсеткішімен бірінші болып мәреге жетіп, алтын медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ 1000 метрге жүгіру сайысында жоғары бәсекелестікке қарамастан 2 минут 55,3 секунд нәтиже көрсетіп, үшінші орынды иеленіп, колледж қоржынына қола медаль қосты.

Хасен Нұрболдың бұл жетістігі — студенттік спортты жүйелі дамыту жұмысының, сондай-ақ спортшының табандылығы мен мақсатқа ұмтылуының айқын нәтижесі. Колледж әкімшілігінің айтуынша, мұндай жеңістер жастар үшін жарқын үлгі болып, спортта да, оқуда да жоғары нәтижелерге жетуге деген ұмтылысты, жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастырады.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі республикалық турнирдің жеңімпазы Хасен Нұрболды лайықты марапаттарымен құттықтап, алдағы уақытта толағай табыстар, жаңа жеңістер және биік жетістіктерге сенімді қадам жасауды тілейді.

Правила публикации комментариев

Убедительно просим всех пользователей соблюдать правила общения на данной площадке.

Комментарии от анонимных пользователей не публикуются.

Комментарий может быть отклонён, если он:

  • содержит оскорбления, угрозы, разжигает ненависть или дискриминацию по расовому, этническому, половому, религиозному или социальному признаку;
    • нарушает права и интересы третьих лиц, включая несовершеннолетних;
    • содержит персональные данные третьих лиц без их согласия;
    • носит рекламный характер, содержит спам или ссылки на сторонние ресурсы с коммерческим содержанием;
    • противоречит действующему законодательству Республики Казахстан;
    • содержит нецензурную лексику, непристойные выражения или завуалированные формы таких выражений;
    • содержит личные жалобы, просьбы или обращения, требующие индивидуального рассмотрения;
    • оформлен в виде петиции или массового обращения;
    • не несёт смысловой нагрузки, является флудом или повторяющимися сообщениями;
    • трудно читаем или не поддаётся пониманию;
    • полностью или преимущественно написан заглавными буквами;
    • не структурирован (отсутствуют предложения, логика изложения).

Просим соблюдать нормы грамотности и уважительного общения. Комментарии, не соответствующие данным требованиям, могут быть удалены независимо от их содержания.

В случае систематического нарушения правил доступ к публикации комментариев может быть ограничен.

Scroll to Top