2026 жылғы 27 қаңтарда Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетімен бірлескен «Жоғары оқу орнымен білім беру бағдарламасын интеграциялау» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындары арасындағы білім беру бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ету, академиялық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ білім алушылардың жоғары білімге көшу траекториясын жеңілдету болды.
Іс-шара барысында қатысушылар интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асырудың тиімді модельдерін, оқу жоспарларын үйлестіру жолдарын, академиялық кредиттерді тану мәселелерін және қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын жоғары оқу орнының оқу жоспарларымен сәйкестендіру ерекшеліктерін талқылады. Сонымен қатар дуальды оқыту жүйесін дамыту, академиялық мобильділікті кеңейту және еңбек нарығы талаптарына сай білікті мамандар даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар жұмысына жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, колледж басшылығы, әдіскерлер, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер мен педагогикалық қызметкерлер қатысты. Баяндамалар мен пікірталастар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
Семинар қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларын интеграциялау бағытында бірлескен жұмысты одан әрі дамытуға арналған ұсынымдар әзірленді.



