Құрметті оқытушылар, қызметкерлер мен студенттер!
Сіздерді ұлттық мәдениетіміздің айтулы мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Бул мереке табиғаттың жаңаруын ғана емес, сонымен қатар рухани тазалық пен ізгіліктің салтанат құруын бейнелейді.
Колледж әкімшілігі ұжымды және білім алушыларды мерекелік іс-шаралар кезінде академиялық адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Біздің оқу орнымызда заң үстемдігі мен этикалық нормаларды сақтау басты басымдық болып табылады.
Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында мереке қарсаңында ақшалай және өзге де түрдегі сыйлықтарды беруге және қабылдауға тыйым салынатынын ескертеміз. Адалдық пен әділдік – сапалы білім мен саналы тәрбиенің негізі.
Әрбір қызметкер мен студентті қоғамдық тәртіпті құрметтеуге және таза қоғам қалыптастыруға өз үлесін қосуға шақырамыз. Адал еңбек пен шынайы білім әрқашан жоғары бағалануы тиіс.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Елімізге амандық, әр шаңыраққа береке мен бірлік тілейміз.

