2026 жылғы 26 ақпанда Талдықорған Индустриялық колледжі базасында «Зияткер ұрпақ – елдің ертеңі» атты жалпы білім беретін пәндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 1 курс студенттеріне арналған олимпиада өтті.
Олимпиада студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыруға, білім деңгейін анықтауға және зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Іс-шараға колледжіміздің 1-курс студенті Булегенов Даниал қатысып, физика пәні бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Студенттің ғылыми жетекшісі – физика пәнінің оқытушысы Агибаева Эльмира Калиевна.
Білім алушының жетістігі – білімге деген құштарлық пен табандылықтың айқын көрінісі. Қатысушы мен жетекшіні құттықтаймыз!

