Талдықорған жоғары политехникалық коллеждінің тарих пәні оқытушысы Әскерхан Мадина SW-511 тобында Қазақстан тарихы пәнінен «Тарихи және мәдени ескерткіштер. Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың мақсаты – білім алушыларға тарихи және мәдени ескерткіштердің ұлттық құндылық ретіндегі маңызын түсіндіру, қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасының рухани-мәдени дамудағы орнын айқындау, сондай-ақ тарихи сананы қалыптастыру болды.
Сабақ барысында білім алушылар Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени нысандарға талдау жасап, олардың қоғам өміріндегі рөлі мен маңызын анықтады. Сонымен қатар, қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері, жыраулар поэзиясы, күй өнері мен дәстүрлі музыкасы туралы мәліметтер беріліп, ұлттық мұраны сақтау мен насихаттаудың өзектілігі талқыланды.
Оқу үдерісінде интерактивті әдістер, топтық және жеке жұмыс түрлері қолданылды. Студенттер берілген тапсырмалар негізінде өз ойларын дәлелдеп, тарихи деректерге сүйене отырып қорытынды жасады. Әр топтың жұмысы сараланып, кері байланыс жүргізілді.
Ашық сабақтың нәтижесінде білім алушылар тарихи және мәдени мұраның қоғамдағы маңызын түсініп, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін нығайтты. Сабақ мақсатына толықтай жетіп, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырды.
Тарих пәні оқытушысы:
Әскерхан Мадина

