Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің №1 «Тіл білімі және қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы» оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру және білім беру үдерісіне заманауи цифрлық технологияларды енгізу мақсатында «Мамандыққа бағытталған оқытуда жасанды интеллект құралдарын қолданудың тиімді әдістері» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты – мамандыққа бағытталған оқытуда жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану жолдарын көрсету, тәжірибе алмасу және оқыту сапасын арттыру.
Қазақ тілі сабағында Classtime платформасын қолдану арқылы студенттердің білімін бағалау — Садықбаева Т.Т.
Баяндамашы қазақ тілі сабағында Classtime платформасын пайдалану арқылы білім алушылардың білімін жедел әрі объективті бағалау тәсілдерін таныстырды. Платформа арқылы онлайн тест тапсырмаларын құрастыру, нәтижелерді бірден көру, талдау жасау және тиімді кері байланыс беру мүмкіндіктері көрсетілді.
Сабақ барысында Educaplay платформасын тиімді қолдану — Рымтаева А.Т., Елеусизова М.Б.
Educaplay платформасы негізінде интерактивті тапсырмалар (сәйкестендіру, кроссворд, викторина, тест) құрастыру жолдары ұсынылды. Бұл құрал білім алушылардың қызығушылығын арттырып, материалды бекітуді жеңілдететіні атап өтілді.
EMAZE арқылы 3D виртуалды презентация жасау — Байтогаева Ж.А.
EMAZE платформасы арқылы заманауи 3D форматтағы презентациялар дайындау әдістері көрсетілді. Виртуалды кеңістіктегі көрнекі материалдар студенттердің визуалды қабылдауын арттырып, ақпаратты тиімді меңгеруге ықпал ететіні айтылды.
Talkingco веб-сервисін қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру — Әділбаева Т.М.
Talkingco веб-сервисінің көмегімен студенттердің сөйлеу дағдыларын дамыту, интерактивті тапсырмалар әзірлеу және жасанды интеллект негізінде кері байланыс беру мүмкіндіктері таныстырылды. Бұл құралдың тілдік құзыреттілікті қалыптастырудағы маңызы атап өтілді.
MagicSchool AI мүмкіндіктері: сабақ жоспарлау, тапсырма құрастыру және бағалау процесін жеңілдету — Әскерхан М.
MagicSchool AI платформасының көмегімен сабақ жоспарын құрастыру, сараланған тапсырмалар әзірлеу, бағалау критерийлерін дайындау және кері байланыс беру үдерісін автоматтандыру жолдары көрсетілді. Платформа оқытушы уақытын үнемдеуге және жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіні айтылды.
Сабақта интерактивтілікті арттыру: Genially платформасын тиімді қолдану
Genially платформасы арқылы интерактивті презентациялар, инфографикалар, ойын элементтері мен анимациялық материалдар әзірлеу тәсілдері ұсынылды. Бұл құрал студенттердің сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, білім сапасын арттыруға ықпал етеді.
Семинар барысында оқытушылар жасанды интеллект пен цифрлық платформаларды білім беру үдерісінде тиімді қолданудың тәжірибелік жолдарын көрсетті.
Жасанды интеллект құралдарын пайдалану:
- студенттердің оқу мотивациясын арттырады;
- бағалау үдерісін жеңілдетеді;
- уақытты тиімді басқаруға мүмкіндік береді;
- білім сапасын арттырады.
Аталған семинар тәжірибе алмасу алаңы болып, заманауи білім беру технологияларын енгізудегі маңызды қадам ретінде бағаланды.
№1 «Тіл білімі және қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі: Г.Қ.Камарова

