2026 жылғы 25 ақпан күні жас мамандардың кәсіби шеберлігін анықтауға бағытталған «JUNIORS SKILLS ZHETYSU – 2026» аймақтық чемпионаты өтті. Аталған чемпионат дарынды жастарды қолдау, олардың шығармашылық және техникалық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ кәсіби бағдарын айқындау мақсатында ұйымдастырылды.
Чемпионат барысында қатысушылар түрлі құзыреттіліктер бойынша өз білімдері мен тәжірибелерін көрсетіп, кәсіби дағдыларын жоғары деңгейде дәлелдеді. Іс-шара жас мамандарға өз мүмкіндіктерін көрсетуге, жаңа тәжірибе алмасуға және болашақ кәсіби бағыттарын нақтылауға мүмкіндік берді.
Чемпионат келесі құзыреттіліктер бойынша өтті:
- — веб-технологиялар
- — графикалық дизайн
- — компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу
- — бейнемонтаж
- — фотосурет
- — бизнес үшін IT шешімдер
- — заттар интернеті
- — Digital AI & Smart Assistants
- — креативті және сәндік жұмыстар
- — дрон рейсинг
Аталған чемпионат жас таланттарды біріктіріп, олардың кәсіби дамуына серпін беретін маңызды алаңға айналды. Қатысушылар өз қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, болашақ маман ретінде алғашқы қадамдарын сенімді түрде бастады.
Іс-шараның ұйымдастырылуына атсалысқан барлық қатысушыларға, сарапшылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Осындай бастамалар жастардың кәсіби бағдарын айқындап, еңбек нарығына дайын, бәсекеге қабілетті мамандар қалыптастыруға ықпал етеді.

