2026 жылғы 23 ақпанда Талдықорған индустриялық колледжі базасында Жаратылыстану-математика пәндік-циклдік комиссиясы (ПЦК) онкүндігі аясында «Өңірдің экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталған конференция өңірдегі өзекті экологиялық мәселелерді талқылауға, ғылыми ізденісті дамытуға және білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шараға колледжіміздің 1-курс SW-517 б тобының білім алушылары Фуат Аружан мен Сембек Жанель белсенді қатысып, өз ғылыми жұмыстарын қорғап, сертификаттарға ие болды.
Студенттердің ғылыми жетекшілері:
– химия пәнінің оқытушысы Санкайбаева Гүлжан Жолдасбекқызы;
– биология пәнінің оқытушысы Дюсембаева Гүлсара Мұратқызы.
Білім алушыларымыздың ғылыми белсенділігі мен ізденімпаздығы — сапалы білім мен кәсіби дамуға ұмтылыстың айқын көрінісі. Қатысушылар мен жетекшілерді құттықтаймыз!



