АШЫҚ САБАҚ: ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОПТИКА ЗАҢДАРЫ. ЖАЗЫҚПАРАЛЛЕЛЬ ПЛАСТИНАДАҒЫ СЫНУ. ТОЛЫҚ ІШКІ ШАҒЫЛУ. ОПТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің физика пәні оқытушысы – Агибаева Эльмира Калиевна 19.02.2026 ж. күні GD-512b тобында «Геометриялық оптика заңдары. Жазықпараллель пластинадағы сыну. Толық ішкі шағылу. Оптикалық құралдар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Геометриялық оптика бөлімін оқытуда жарықтың таралу заңдылықтарын, шағылу және сыну құбылыстарын түсіндіру ерекше маңызды. Өткізілген ашық сабақ білім алушыларға жарық сәулесінің екі орта шекарасындағы мінез-құлқын, толық ішкі шағылу шарттарын және оптикалық құралдардың жұмыс принципін тереңірек меңгертуге бағытталды.

Сабақ барысында оқытушы интерактивті әдістерді қолдана отырып, геометриялық оптиканың негізгі заңдарын, жарықтың шағылу және сыну заңдарын түсіндірді. Жазықпараллель пластинадағы сәуленің жүру жолы қарастырылып, сәуленің ығысу құбылысы түсіндірілді. Толық ішкі шағылу шарттары нақты мысалдармен көрсетіліп, оның практикалық қолданылуы талқыланды.

Білім алушылар топтық жұмыстар орындап, есептер шығару арқылы сыну көрсеткіші, түсу және сыну бұрыштары арасындағы байланысты анықтады. Сондай-ақ, оптикалық құралдардың (лупа, микроскоп, телескоп) жұмыс принциптері, құрылысы және қолданылу саласы қарастырылды.

Ашық сабақтың ерекшелігі – теория мен практиканы біріктіру. Білім алушылар сәулелердің жолын сызу, сызбаларды талдау және есептер шығару арқылы теориялық білімдерін практикада бекітті.

Сабақ соңында білім алушылар геометриялық оптика заңдарын жүйелі меңгеріп, толық ішкі шағылу құбылысының маңызын және оптикалық құралдардың жұмыс принципін түсінді. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттырды.

Физика пәні оқытушысы –
Агибаева Эльмира Калиевна

Правила публикации комментариев

Убедительно просим всех пользователей соблюдать правила общения на данной площадке.

Комментарии от анонимных пользователей не публикуются.

Комментарий может быть отклонён, если он:

  • содержит оскорбления, угрозы, разжигает ненависть или дискриминацию по расовому, этническому, половому, религиозному или социальному признаку;
    • нарушает права и интересы третьих лиц, включая несовершеннолетних;
    • содержит персональные данные третьих лиц без их согласия;
    • носит рекламный характер, содержит спам или ссылки на сторонние ресурсы с коммерческим содержанием;
    • противоречит действующему законодательству Республики Казахстан;
    • содержит нецензурную лексику, непристойные выражения или завуалированные формы таких выражений;
    • содержит личные жалобы, просьбы или обращения, требующие индивидуального рассмотрения;
    • оформлен в виде петиции или массового обращения;
    • не несёт смысловой нагрузки, является флудом или повторяющимися сообщениями;
    • трудно читаем или не поддаётся пониманию;
    • полностью или преимущественно написан заглавными буквами;
    • не структурирован (отсутствуют предложения, логика изложения).

Просим соблюдать нормы грамотности и уважительного общения. Комментарии, не соответствующие данным требованиям, могут быть удалены независимо от их содержания.

В случае систематического нарушения правил доступ к публикации комментариев может быть ограничен.

Scroll to Top