Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Талдықорған жоғары политехникалық колледжі жыл бойы кәсіби шеберлікке, тәжірибеге және еңбек нарығының нақты талаптарына бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіп, бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткізді.
Жыл қорытындысына арналған салтанатты жабылу рәсімінде колледж ұжымының еңбегі жоғары бағаланып, жұмысшы мамандықтарды дамытуға қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Іс-шара барысында білім алушылардың кәсіби дағдыларын арттыру, дуалды оқыту жүйесін дамыту және өндіріс пен білім беру арасындағы байланысты нығайту бағытында атқарылған жұмыстар таныстырылды.
Салтанатты шарада халықаралық және республикалық деңгейдегі кәсіби шеберлік байқаулары — WorldSkills Kazakhstan 2025 және халықаралық TurcikSkills чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға құрмет көрсетіліп, олардың жетістіктері колледждің мақтанышы ретінде атап өтілді.
Талдықорған жоғары политехникалық колледжі алдағы уақытта да заманауи талаптарға сай, еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті жұмысшы мамандарды даярлау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

