Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің базасында 2025 жылдың 09 желтоқсанында ағылшын тілі пәнінен Жетісу облысының колледж білім алушылары арасында пәндік олимпиада өтті. Олимпиаданы ұйымдастырып, өткізген Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушылары Турысбекова Кульзира Тлеубековна және Рымтаева Асель Тынысбековна. Олимпиадаға облыс бойынша 15 білім алушылар қатысты. Әділ–қазылық жұмысын Талдықорған қаласындағы Жаратылыстану – математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері: Мухаметшарова Айгуль Канатбековна, Исабекова Жанна Кабуловна, Абишева Салтанат Маратовна, Янгалычева Марина Хасановна жүргізді. Олимпиада нәтижесі төмендегідей болды:
1 орын — Илахунова Мариям Айсажановна, Жаркент жоғары педагогикалық колледжі
2 орын — Дәуренқызы Әсия, «Қапал кәсіптік-техникалық колледжі» МКҚК
3 орын — Досай Аружан Ерланкызы, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі
Барлық қатысушыларға сертификат берілді.
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің
ағылшын тілі пәнінің оқытушылары
Турысбекова К.Т., Рымтаева А.Т.



