Оқыту үдерісінің сапасын арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабақ өткізілді. Сабақты «Верстка отдельных элементов графического интерфейса» пәнінің оқытушысы Журсынболатова Сандугаш Бакытжанқызы жүргізді. Сабақтың тақырыбы: “Вставка изображений”
Ашық сабақ барысында студенттер:
- жаңа білімді меңгеріп, практикалық тапсырмалар орындады;
- топтық және жеке жұмыстар арқылы өз ойларын еркін жеткізді;
- шығармашылық және логикалық ойлау дағдыларын көрсетті;
- білімдерін бағалау критерийлері бойынша саралап, өзара бағалады.
Оқытушы заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, интерактивті ресурстарды және жасанды интеллектті пайдаланды. Сабаққа қатысқан әріптестер оқыту әдістемесінің нәтижелілігін атап өтті. Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің белсенділігі мен пәнге қызығушылығын арттырды.


