Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Гульсара Тлеубергеновна Бакаева 11.11.2025ж. күні SW-512b тобында CLIL технологиясына негізделген «Virtual Reality Exhibition» атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – білімгерлердің ағылшын тіліндегі кәсіби лексиканы қолдануын дамыту, сонымен қатар виртуалды шындық (VR) туралы пәндік білімін кеңейту және жобалық жұмыс арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру болды.
Сабақ барысында оқытушы білімгерлерге VR технологиясы туралы бастапқы мәлімет беріп, негізгі терминдермен таныстырды. CLIL әдісінің ерекшелігі ретінде сабақта бір уақытта пәндік білім мен тілдік дағдылардың қатар дамуы көрінді. Білімгерлер VR көрмелерінің түрлері, олардың қолдану салалары туралы ақпарат алып, ағылшын тіліндегі тақырыптық сөздерді практикада қолданды.
Сабақтың негізгі бөлігі жобалық жұмыс форматында өтті. Білімгерлер бірнеше топқа бөлініп, өздерінің «Virtual Reality Exhibition» жобасын әзірледі. Әр топ көрменің идеясы, атауы, мазмұны, виртуалды кеңістікте көрсетілетін нысандар, көрменің мақсаты сияқты бөлімдерді дайындады. Топтар материалдарын постер, слайд немесе виртуалды концепт ретінде рәсімдеді.
Ашық сабақтың ерекшелігі – білімгерлердің дербес ойлау, топпен жұмыс, тілдік қарым-қатынас және шығармашылық қабілеттерінің кешенді дамуы болды. Сонымен қатар, сабақ толықтай интерактивті форматта өтті, студенттер нақты өмірмен байланысты технологияларды қолдану жолдарын талқылады.
Сабақ соңында білімгерлер өз жобаларын ағылшын тілінде қорғады. Әр топ өз көрмесінің құрылымы, идеясы мен артықшылықтарын таныстырып, «Virtual Reality Exhibition» жобаларының қаншалықты маңызды және пайдалы болатынын дәлелдеді. Жобаларды қорғау кезінде студенттер сөйлеу дағдыларын, технологиялық түсініктерін және топтық жұмыс нәтижесін көрсетті.
Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы:
Гульсара Тлеубергеновна Бакаева


