2026 жылдың 2 ақпанында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері колледж оқытушыларымен кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты – білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, педагогтар арасында адалдық пен жауапкершілік мәдениетін нығайту.
Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары қазіргі антикоррупциялық саясат, мемлекеттік қызметкерлер мен педагогтардың этикалық нормалары, білім беру ұйымдарындағы жиі кездесетін тәуекелдер, сондай-ақ оларды алдын алу жолдары туралы ақпарат берді.
Оқытушылар «1424» Call-орталығының жаңартылған функцияларымен, құқықбұзушылықтарды хабарлау механизмдерімен және парасаттылық қағидаттарын білім беру үдерісіне енгізу тәсілдерімен танысты. Мамандар қызметтік міндеттерді атқару кезіндегі заң талаптарының маңызын ерекше атап өтті.
Шара ашық диалог форматында өтіп, оқытушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, практикалық ұсыныстар алды. Талдықорған жоғары политехникалық колледжі алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, оқу ордасында адалдық пен ашықтық мәдениетін дамытуға ерекше назар аударады.


