Жетісу облысында «Жасанды интеллект – жалпы білім берудің заманауи құралы» тақырыбында облыстық деңгейдегі семинар өтті. Семинардың мақсаты – білім беру процесіне жасанды интеллект технологияларын тиімді енгізу, оқыту сапасын арттыру және педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту.
Бұл маңызды шараға Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің бірқатар тәжірибелі ұстаздары қатысты. Атап айтқанда:
- Жуанышбаев Талғат Советбекович – дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы,
- Балабеков Әдлет Манапұлы – дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы,
- Тұмар Қатипа – педагог-психолог,
- Жекетай Динара Галымжанқызы – информатика пәнінің оқытушысы.
Семинар барысында қатысушылар білім беруде жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін, заманауи цифрлық платформаларды қолдану жолдарын, оқу материалдарын автоматтандыру тәжірибесін және педагог-психолог жұмысына арналған инновациялық шешімдерді талқылады. Сонымен қатар, дене тәрбиесі сабақтарында AI құралдарын қолдану, оқушылардың жеке даму траекторияларын анықтау, оқу үдерісін дараландыру мәселелері де қарастырылды.
Колледж оқытушылары семинардан жаңа идеялар мен практикалық әдіс-тәсілдер алып, кәсіби шеберліктерін жетілдірудің маңызды қадамын жасады. ТЖПК ұжымы цифрлық трансформация мен инновациялық технологияларды меңгеру бағытында өз жұмысын жалғастыра береді.




