Фестивальдің мақсаты мен міндеттері:
Фестивальдің мақсаты – шығармашылықты қолдау және дамыту, есту қабілеті нашар студенттерді көркемдік-эстетикалық дамыту және тәрбиелеу, оларды Қазақстандық мәдениет пен өнер құндылықтарына баулу, есту қабілеті нашар студенттер үшін қолжетімді кедергісіз білім беру кеңістігін қалыптастыру және дамыту.
Фестивальдің міндеттері:
- Осы санаттағы студенттердің шығармашылық қызметті ұйымдастырудың заманауи формаларына, оның ішінде болашақ мамандыққа бағдарлану мақсатында қызығушылығын ояту;
- Осы санаттағы дарынды балаларды одан әрі жеке өзін-өзі анықтау, қолдау және көтермелеу;
- Қазіргі қоғамда табысты әлеуметтену үшін қажетті шығармашылық әлеует пен жеке қасиеттерді дамыту;
- Топта өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру, мәселені жедел талдау және саналы шешім қабылдау.
Фестиваль номинациялары:
Фестиваль шығармашылықтың келесі бағыттары бойынша өткізілді:
1. «Біздің — бренд» команданың өзін-өзі таныстыруы
2. «Овация» хореографиясы, заманауи би немесе аэробика бойынша
3. «Экстрабилити» жест-ишара әні
4. «Заманауи этно-стиль» сән театры
Талдықорған жоғары политехникалық колледжі 2025-2026 оқу жылында арнайы педагог- Сағынбекова Құндыз Мықтыбекқызы жетекшілігімен және сурдоаудармашы Касимханов Ануар Жанабекович 1-2 курс студенттері:
1 Алдекен Айкүміс Қуатқызы- GD-511b топ студенті
2 Амирханова Акерке Жасулановна- GD-511b топ студенті
3 Наби Мадихан Мухтарұлы- GD-511b топ студенті
4 Майлау Аян Бақытұлы- GD-511b топ студенті
5 Зейнеқабыл Алинұр Мұхитұлы- GD-511b топ студенті
6 Абдраимов Умар Бекболотович — Sw-413b топ студенті Республикалық фестивальда командалық ойын бойынша 3-орын, «Ұрпақ дауысы» номинациясы бойынша белсенді қатысқаны үшін Алдекен Айкүміс Қуатқызы марапатталды.Қалған қатысушыларымыз арнайы сертификаттар мен « қола медальға» ие болды.



