Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің экономика пән оқытушысы, педагог – Туленова Арайлым Тузелбаевна 13.11.2025ж. күні «Бағдарламалық қамтамасыздандыруға қызмет көрсету және тестілеу» бойынша SW-417 b тобында «Табыс, пайда» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Табыс пен пайда – кез келген экономикалық әрекеттің негізі. Білімгерлер бұл ұғымдар арқылы кәсіпкерлік, қаржы сауаттылығы және жеке кірісті басқару сияқты маңызды дағдыларды меңгереді.
– Білімгерлерге табыс пен пайданың айырмашылығын түсіндіру
– Пайда табу жолдарын көрсету
– Қаржылық ойлау мен талдау қабілетін дамыту
Бұл тақырып білімгерлердің қаржылық сауаттылығын арттырып, өз ісін ашуға қызығушылық тудырады. Сонымен қатар, табыс пен пайданы дұрыс түсіну — болашақта тиімді шешім қабылдауға көмектеседі
Экономика пән оқытушысы: Туленова А.Т.


