Дилогтік алаң: Батырлық пен білімнің символы»(Жазушы, қоғам қайраткері,Кеңес Одағының Батыры Мәлiк Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына арналған)

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушылары, педагог-модератор – Байтогаева Жаркын Аширжановна мен Каримова Айнур Дарибековна 10.11.2025 ж. күні Атамұра үйірмесінің мүшелерімен Тіл білімі және қоғамдық-гуманитарлық пәндері кафедрасының апталығында Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай, білім мен ерлік рухын ұлықтаған батыр және дарынды жазушы Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен мұрасына арналған «Батырлық пен білімнің символы» атты диалогтік алаң өткізді.  

Диалогтік алаңның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа батырлық пен парасаттылықтың, білім мен адамгершіліктің үлгісін көрсету, тарихи тұлға тағылымы арқылы елжандылық құндылықтарды нығайту болды. Шара соңында қатысушылар Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы  бүгінгі жас буын үшін үлгі-өнеге екенін, оның мұрасы ұлттық рухты көтеретін баға жетпес қазына екенін атап өтті.

Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Батырлық пен білімнің символы» атты диалогтік алаң – ғасыр перзентінің рухани мұрасын насихаттауға бағытталған тағылымды шара болды. Батыр, әрі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ғалым-педагог Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы – Отанға қалтқысыз қызмет етудің, ұлтқа адалдықтың, білім мен ерліктің биік үлгісі.

Диалогтік алаң барысында білімгерлер М.Ғабдуллиннің тарихи тұлға ретінде қалыптасуына ықпал еткен кезеңдерге тоқталып, оның ғылыми-педагогикалық еңбектерінің ұлттық білім беру жүйесіндегі маңызын талқылады. Көрсетілген деректер мен баяндамалар батырдың Ұлы Отан соғысы кезінде көрсеткен ерлігі мен соғыстан кейінгі ғылым мен мәдениет саласындағы қызметінің ел дамуы үшін қаншалықты құнды болғанын әйгіледі.

Шара барысында Мәлік Ғабдуллиннің «Менің майдандас достарым», «Қазақ халық ауыз әдебиеті» секілді еңбектері жеке талдау нысанына алынып, оның әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі жан-жақты қарастырылды. Қатысушы жастар батырдың әскери ерлігімен қатар, оның ұстаздық жолы, ұрпақ тәрбиесіндегі атқарған қызметі, ғылымға сіңірген еңбегі туралы ой бөлісіп, тұлға бейнесін әр қырынан таныды. 110 жылдық мерейтой аясында өткізілген бұл диалогтік алаң тек тарихи еске алу ғана емес, жас ұрпақты рухани байытуға, ел тарихын терең тануға, Мәлік Ғабдуллин сынды тұлғалардың өнегесін бойға сіңіруге бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шара болды.

Тарих пән оқытушылары, педагог-модератор –
Байтогаева Жаркын Аширжановна
Каримова Айнур Дарибековна

Правила публикации комментариев

Убедительно просим всех пользователей соблюдать правила общения на данной площадке.

Комментарии от анонимных пользователей не публикуются.

Комментарий может быть отклонён, если он:

  • содержит оскорбления, угрозы, разжигает ненависть или дискриминацию по расовому, этническому, половому, религиозному или социальному признаку;
    • нарушает права и интересы третьих лиц, включая несовершеннолетних;
    • содержит персональные данные третьих лиц без их согласия;
    • носит рекламный характер, содержит спам или ссылки на сторонние ресурсы с коммерческим содержанием;
    • противоречит действующему законодательству Республики Казахстан;
    • содержит нецензурную лексику, непристойные выражения или завуалированные формы таких выражений;
    • содержит личные жалобы, просьбы или обращения, требующие индивидуального рассмотрения;
    • оформлен в виде петиции или массового обращения;
    • не несёт смысловой нагрузки, является флудом или повторяющимися сообщениями;
    • трудно читаем или не поддаётся пониманию;
    • полностью или преимущественно написан заглавными буквами;
    • не структурирован (отсутствуют предложения, логика изложения).

Просим соблюдать нормы грамотности и уважительного общения. Комментарии, не соответствующие данным требованиям, могут быть удалены независимо от их содержания.

В случае систематического нарушения правил доступ к публикации комментариев может быть ограничен.

Scroll to Top