Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің жалпы білім беру пән оқытушылары, педагог-модератор –Рүстембекова А.М, педагог-сарапшы-Жолдасова М.Д, Бакаева Г.Т. 13.11.2025ж. күні колледжімізде 1-курс білім алушылары арасында «Менің өмірімді өзгерткен кітап» атты эссе байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – кітап оқу мәдениетін насихаттау, білімалушылардың ойлау, талдау және еркін пікір білдіру дағдыларын дамыту.
Шараға барлық мамандық бойынша білім алушылар белсенді қатысып, өздеріне ерекше әсер еткен әдеби шығармалар туралы жүрекжарды эсселерін ұсынды. Байқауға ұсынылған жұмыстардан жастардың кітап арқылы рухани өсіп, өмірлік бағыт-бағдар алғаны байқалды.
Әділқазылар алқасы мазмұн тереңдігіне, тіл байлығына, көркемдік деңгейіне және тақырыппен сәйкестігіне назар аудара отырып, үздік эсселерді анықтады. 1,2,3 орынға дипломдар табыстап, қалған білімалушыларға әртүрлі номинациялар берілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.
Бұл байқау – жастардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани дамуына жол ашатын игі бастама болды.
Жалпы білім беру оқытушылары, педагог модератор –
Рүстембекова А.М., Жолдасова М.Д, Бакаева Г.Т.




