Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде Fab-Lab инновациялық зертханасының ашылуы өтті

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде жастардың талантын ашып, Қазақстанның инженерлік болашағына жол ашатын жаңа Fab-Lab лабораториясы жұмысын бастады. Жобаның жүзеге асуы Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау жөніндегі 2025–2027 жылдарға арналған жол картасы аясында жүзеге асырылуда, бұл Жетісу облысында инженерлік және цифрлық білімнің дамуының стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.

Fab-Lab (Fabrication Laboratory) — әлемнің жетекші оқу орындарында кеңінен қолданылып жүрген цифрлық өндіріс зертханаларының халықаралық форматы. Енді мұндай мүмкіндіктер Жетісу облысы жастарына да қолжетімді болмақ.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжіндегі Fab-Lab үш негізгі бағытта жұмыс істейді:

  • Робототехника зертханасы — NAO гуманоид роботтары мен WorldSkills стандартына сай платформалар арқылы құрастыру, бағдарламалау және инженерлік міндеттерді шешу дағдыларын дамыту;
  • 3D модельдеу және 3D басып шығару зертханасыFusion 360, SolidWorks, Blender бағдарламалары арқылы прототиптеу және цифрлық модельдер жасау;
  • Жасанды интеллект (AI) зертханалары — Python, машиналық оқыту, компьютерлік көру және нейрондық желілер бағыттарында практикалық тәжірибе алу.

Жаңа зертхана студенттерге тек оқып үйрену емес, өз идеяларын іске асырып, индустриялық-инновациялық жобалар жасауға жол ашты. Мұнда олар нақты жабдықтармен жұмыс істеп, инженерлік, бағдарламалық және зерттеушілік қабілеттерін дамытады.Fab-Lab — бұл білім мен шығармашылық тоғысқан кеңістік. Мұнда әр студент өз идеясын жүзеге асырып, жаңа ойларды тәжірибеге айналдыра алады. Біз үшін бұл зертхана — болашақ инженерлердің, бағдарламашылардың және жаңашыл тұлғалардың шынайы мектебі.

Правила публикации комментариев

Убедительно просим всех пользователей соблюдать правила общения на данной площадке.

Комментарии от анонимных пользователей не публикуются.

Комментарий может быть отклонён, если он:

  • содержит оскорбления, угрозы, разжигает ненависть или дискриминацию по расовому, этническому, половому, религиозному или социальному признаку;
    • нарушает права и интересы третьих лиц, включая несовершеннолетних;
    • содержит персональные данные третьих лиц без их согласия;
    • носит рекламный характер, содержит спам или ссылки на сторонние ресурсы с коммерческим содержанием;
    • противоречит действующему законодательству Республики Казахстан;
    • содержит нецензурную лексику, непристойные выражения или завуалированные формы таких выражений;
    • содержит личные жалобы, просьбы или обращения, требующие индивидуального рассмотрения;
    • оформлен в виде петиции или массового обращения;
    • не несёт смысловой нагрузки, является флудом или повторяющимися сообщениями;
    • трудно читаем или не поддаётся пониманию;
    • полностью или преимущественно написан заглавными буквами;
    • не структурирован (отсутствуют предложения, логика изложения).

Просим соблюдать нормы грамотности и уважительного общения. Комментарии, не соответствующие данным требованиям, могут быть удалены независимо от их содержания.

В случае систематического нарушения правил доступ к публикации комментариев может быть ограничен.

Scroll to Top