2025 жылдың 31 қазанында ҚХР-дың Хубэй провинциясы, Ухань қаласында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық форумы аясында Қазақстан–Қытай білім беру альянсын құру туралы құжатқа қол қойылды.
Талдыкорған жоғары политехникалық колледжі осы халықаралық бірлестіктің құрамына енді. Альянстың негізгі мақсаты — екі ел колледждері арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту, тәжірибе алмасу және кәсіби білім беру сапасын арттыру.
Альянс төмендегі бағыттар бойынша жаңа мүмкіндіктер ұсынады:
🔹 бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру;
🔹 студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуларын ұйымдастыру;
🔹 ғылыми-зерттеу бастамаларын дамыту;
🔹 инновациялық және кадрлық әлеуетті нығайту. Альянсқа қатысу халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, білім алмасуға және үздік тәжірибелерді оқу процесіне енгізуге жол ашады.




