2025 жылдың 31 қазанында ҚХР-дың Хубэй провинциясы, Ухань қаласында өткен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастық форумының аясында Талдықорған жоғары политехникалық колледжі Қытайдың алдыңғы қатарлы серіктестерімен үш өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Меморандумдар төмендегі ұйымдармен жасалды:
- Wuhan Vocational College of Software and Engineering (Wuhan Open University)
- Wuhan Meihe Yisi Digital Technology Co., Ltd.
- Wuhan Technical College of Communications
Қол қойылған құжаттар академиялық алмасуды дамытуға, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруға, сондай-ақ оқу процесіне инновациялық технологиялар мен шешімдерді енгізуге бағытталған. Бұл ынтымақтастық студенттер мен оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер ашып, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ Қытайдың озық тәжірибелерін Қазақстанның ТжКБ жүйесіне енгізуге жол ашады.


