Демонстрациялық емтихан
ДЕМОНСТРАЦИОННЫЙ ЭКЗАМЕН
Демонстрациялық емтихан — студенттердің кәсіби құзыреттілігін бағалаудың заманауи форматы. Емтихан нақты өндірістік жағдайға барынша жақын ортада өткізіліп, студенттің алған теориялық білімін тәжірибеде қолдану қабілетін айқындайды.
Бұл формат WorldSkills Kazakhstan стандарттарына негізделген және халықаралық талаптарға сай кәсіби шеберлікті тексеруге бағытталған.
МАҚСАТЫ
- Студенттердің кәсіби дайындық деңгейін тәуелсіз бағалау;
- Өндірістік стандарттарға сай практикалық дағдыларды анықтау;
- Білім беру сапасын арттыру және түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
ЕМТИХАНДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
- Демонстрациялық емтихан Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің заманауи жабдықталған оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханаларында өткізіледі.
- Емтихан өткізу процесі WorldSkills талаптарына сәйкес әзірленген құзыреттер жиынтығы мен бағалау критерийлері бойынша жүзеге асырылады.
- Бағалау процесіне жұмыс берушілердің, тәуелсіз сарапшылардың және колледждің тәжірибелі оқытушыларының қатысуы қамтамасыз етіледі.
- Барлық нәтижелер арнайы CIS (Competition Information System) жүйесіне енгізіліп, объективті және ашық бағалау жүргізіледі.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАР
Демонстрациялық емтихан келесі нормативтік құжаттар мен нұсқаулықтарға сүйеніп өткізіледі:
- ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысы – «Сапалы білім – білімді ұлт» ұлттық жобасы;
- ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы – «Оқушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау қағидалары»;
- «Демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» (Астана, 2024);
- WorldSkills Kazakhstan стандарттары.
Әдістемелік ұсыныстар
ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР
- Веб-технологиялар
- Графикалық дизайн
- Желілік және жүйелік әкімшілендіру
- Бұлтты бағдарламалау
- Бизнеске арналған IT-шешімдер
- Ақпараттық кабельдік желілер
- Электроника
- Тас қалау
- Инженерлік CAD
- Электромонтаждық жұмыстар
- Жеңіл көліктерді жөндеуге техникалық қызмет көрсету
- Кәсіптік оқыту
- Киберқауіпсіздік
- Мобильді қосымшаларды әзірлеу
НӘТИЖЕ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Демонстрациялық емтихан нәтижелері студенттердің кәсіби даярлығының сапасын көрсетіп қана қоймай, олардың еңбек нарығына дайын екенін дәлелдейді.
Бұл формат колледж түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жұмыс берушілер тарапынан жоғары бағалануына мүмкіндік береді.
Талдықорған жоғары политехникалық колледжі WorldSkills қозғалысы аясында практикалық бағыттағы оқытуды белсенді дамытып, халықаралық стандарттарға сай кәсіби мамандар даярлауда.
