Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде пресс-тур өтті

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур ұйымдастырылды. Қонақтар оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, зертханаларымен, оқу аудиторияларымен және студенттердің кәсіби жетістіктерімен танысты.

Колледж – еліміздің үздік оқу орындарының бірі. Биылғы жылы оқу орны үлкен жетістікке жетіп, “WorldSkills Kazakhstan 2024” чемпионатында “Мобильді қосымшаларды әзірлеу” құзыреттілігі бойынша Алтын жүлдені иеленді. Осыған орай, баспасөз туры аясында WorldSkills орталығының жетекшісі Асқарбаев Жандос Саматұлы сұхбат беріп, чемпионаттың маңызы мен студенттердің дайындық барысын атап өтті.

Осы жетістіктердің арқасында алғаш рет өтетін «TurkicSkills» халықаралық чемпионатында колледждің студенті Шакен Зере «Графикалық дизайн» құзыреттілігінде бақ сынамақ. Жетекшісі және осы құзыреттіліктің сарапшысы Айгерім Бауыржанова дайындық барысы туралы сұхбат берді.

Пресс-тур аясында қатысушылар колледждің әлеуметтік серіктестеріне де барды. Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының студенттері «Қазақтелеком» компаниясында өндірістік тәжірибеден өтіп, заманауи байланыс технологияларын меңгеруде. Сондай-ақ «Құрылыс және ғимараттарды пайдалану» мамандығының студенті Арнай «Senim Joba» заң фирмасында құрылыс саласындағы құқықтық құжаттар мен жылжымайтын мүлік объектілерін рәсімдеу бойынша тәжірибеден өтуде. Мұндай серіктестік студенттердің кәсіби тәжірибесін арттырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Пресс-тур нәтижесінде БАҚ өкілдеріне колледж директоры Шыңғыс Нұрғожаев колледждің білім беру сапасын арттыруға, студенттердің кәсіби дамуына және аймақтық еңбек нарығына қажетті жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған жүйелі жұмысын атап өтті.

Правила публикации комментариев

Убедительно просим всех пользователей соблюдать правила общения на данной площадке.

Комментарии от анонимных пользователей не публикуются.

Комментарий может быть отклонён, если он:

  • содержит оскорбления, угрозы, разжигает ненависть или дискриминацию по расовому, этническому, половому, религиозному или социальному признаку;
    • нарушает права и интересы третьих лиц, включая несовершеннолетних;
    • содержит персональные данные третьих лиц без их согласия;
    • носит рекламный характер, содержит спам или ссылки на сторонние ресурсы с коммерческим содержанием;
    • противоречит действующему законодательству Республики Казахстан;
    • содержит нецензурную лексику, непристойные выражения или завуалированные формы таких выражений;
    • содержит личные жалобы, просьбы или обращения, требующие индивидуального рассмотрения;
    • оформлен в виде петиции или массового обращения;
    • не несёт смысловой нагрузки, является флудом или повторяющимися сообщениями;
    • трудно читаем или не поддаётся пониманию;
    • полностью или преимущественно написан заглавными буквами;
    • не структурирован (отсутствуют предложения, логика изложения).

Просим соблюдать нормы грамотности и уважительного общения. Комментарии, не соответствующие данным требованиям, могут быть удалены независимо от их содержания.

В случае систематического нарушения правил доступ к публикации комментариев может быть ограничен.

Scroll to Top