2026 жылғы 4 қарашада колледжде «Ұлттық код — менің бойымда» тақырыбында «MI BATTLE» зияткерлік ойыны өтті.
Ойынның мақсаты – студенттердің ұлттық мәдениет, әдебиет пен тарихқа деген сүйіспеншілігін арттыру, логикалық ойлауын, математикалық және информатика/IT саласындағы білімдерін дамыту, сондай-ақ тапқырлық пен командада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Ойын заманауи интерактивті презентация форматында ұйымдастырылып, 4 негізгі раунд бойынша жүргізілді: «Ұлттық код — асыл қазына», «Логика мен математика», «Тарихи жәдігерлер сыры», «IT Battle» кезеңдері. Студенттердің IT кейстерді шешу, киберқауіпсіздік негіздері, бағдарламалау алгоритмдері мен логикалық кодты талдау бойынша білімдері сыналды. Команда капитандары арасындағы бәсеке нәтижесінде үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталды.
Қазылар алқасының шешімі және ұпай жинау кестесі бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
І орын: Намыс тобы
ІІ орын: Атамекен
ІІІ орын: Шаңырақ
Жеңімпаздар мен белсене қатысқан командалар арнайы дипломдармен және алғыс хатпен марапатталды.
Жауапты оқытушылар: Мырзағали М.А., Журсынболатова С.Б., Хуанбай Ж.Х., Жумагулов Д.Б.



