«Заң мен тәртіп» аясында «Буллингтен қорған» кездесуі өтті

2026 жылғы 25 қараша күні Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында білім алушылар арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өзара сыйластық пен құрмет мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Буллингтен қорған» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында білім алушыларға буллинг ұғымы, оның түрлері, пайда болу себептері мен психологиялық және әлеуметтік салдары туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, буллинг пен кибербуллинг жағдайында өзін қалай қорғау керектігі, қысым мен қорқытуға тап болған жағдайда кімге жүгіну қажеттігі туралы ақпарат берілді.

Іс-шараға 365 білім алушы қатысты.

Кездесуді Жетісу облысы Полиция департаментінің профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мұхметов Қайсар Жақсылықбекович және Жетісу облысы Полиция департаментінің Талдықорған қаласы Полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция аға инспекторы, полиция майоры Қанатбеков Руслан Қанатбекович өткізді.

Сонымен қатар, кездесуге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алимбек Зереш Рашидқызы және ментор Смаилов Кумар Жылқайдарович қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Олар білім алушылар арасында өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты қалыптастырудың, әр адамның жеке басына құрметпен қараудың және буллингтің кез келген түріне жол бермеудің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында буллинг пен кибербуллингтің адам психологиясына, эмоционалдық жағдайына және әлеуметтік қарым-қатынасына тигізетін кері әсері түсіндірілді. Сондай-ақ, қорқыту, кемсіту, мазақ ету, әдейі шеттету және әлеуметтік желілер арқылы қысым көрсету әрекеттерінің алдын алу жолдары қарастырылды.

Білім алушыларға буллинг жағдайына тап болған немесе оған куә болған кезде бейжай қалмай, колледждің жауапты мамандарына, педагог-психологқа немесе топ жетекшісіне хабарлау қажеттігі түсіндірілді. Әрбір студенттің қауіпсіз ортада білім алуға құқығы бар екені және өзгенің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу әр адамның міндеті екені атап өтілді.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырып аясында пікір алмасты және тиісті жауаптар алды.

Іс-шара білім алушылардың буллинг пен кибербуллинг туралы түсінігін кеңейтуге, құқықтық сауаттылығын арттыруға, зорлық-зомбылық пен қысым көрсетудің алдын алуға, жастар арасында өзара сыйластық, мейірімділік және қауіпсіз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Правила публикации комментариев

Убедительно просим всех пользователей соблюдать правила общения на данной площадке.

Комментарии от анонимных пользователей не публикуются.

Комментарий может быть отклонён, если он:

  • содержит оскорбления, угрозы, разжигает ненависть или дискриминацию по расовому, этническому, половому, религиозному или социальному признаку;
    • нарушает права и интересы третьих лиц, включая несовершеннолетних;
    • содержит персональные данные третьих лиц без их согласия;
    • носит рекламный характер, содержит спам или ссылки на сторонние ресурсы с коммерческим содержанием;
    • противоречит действующему законодательству Республики Казахстан;
    • содержит нецензурную лексику, непристойные выражения или завуалированные формы таких выражений;
    • содержит личные жалобы, просьбы или обращения, требующие индивидуального рассмотрения;
    • оформлен в виде петиции или массового обращения;
    • не несёт смысловой нагрузки, является флудом или повторяющимися сообщениями;
    • трудно читаем или не поддаётся пониманию;
    • полностью или преимущественно написан заглавными буквами;
    • не структурирован (отсутствуют предложения, логика изложения).

Просим соблюдать нормы грамотности и уважительного общения. Комментарии, не соответствующие данным требованиям, могут быть удалены независимо от их содержания.

В случае систематического нарушения правил доступ к публикации комментариев может быть ограничен.

Scroll to Top