2026 жылғы 10 қараша күні Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында білім алушылар арасында ойынға деген салауатты көзқарасты қалыптастыру, құмар ойындардың алдын алу, олардың зиянды салдары мен құқықтық жауапкершілігі туралы түсіндіру мақсатында «Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Іс-шараға 365 білім алушы қатысты.
Кездесуді Жетісу облысы Полиция департаментінің Талдықорған қаласы Полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция аға инспекторы, полиция майоры Қанатбеков Руслан Қанатбекович өткізді.
Сонымен қатар, кездесуге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алимбек Зереш Рашидқызы қатысып, өз ой-пікірімен бөлісті. Ол жастар арасында салауатты өмір салтын ұстанудың, бос уақытты тиімді пайдаланудың және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында білім алушыларға құмар ойындардың адам өміріне, психологиялық жағдайына, әлеуметтік ортасына және қаржылық ахуалына тигізетін кері әсері түсіндірілді. Сондай-ақ, ойынға тәуелділіктің алдын алу, жауапкершілікті сезіну және саналы таңдау жасау мәселелері қозғалды.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Іс-шара білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алуға және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.


