Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы Сатқұлов Бақтияр Бағланұлы «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі бойынша халықаралық деңгейде өтіп жатқан Guangzhou Invitational Competition чемпионатына сарапшы ретінде қатысуда.
Аталған халықаралық чемпионат 2026 жылдың 25–30 сәуір аралығында Қытай Халық Республикасының Гуанчжоу қаласында өтуде.
Іс-шара 48-ші WorldSkills халықаралық чемпионатына дайындық аясында ұйымдастырылып, Guangzhou Industry and Trade Technician College базасында өткізілуде. Чемпионатқа әртүрлі елдерден келген қатысушылар қатысып, бірнеше құзыреттілік бойынша бақ сынауда. Солардың қатарында мобильді қосымшаларды әзірлеу бағыты да бар.
Жарысқа барлығы 14 қатысушы қатысып, 4 күн бойы WorldSkills халықаралық стандарттарына сәйкес күрделі, кәсіби деңгейдегі тапсырмаларды орындауда.
Колледж ұжымы мен студенттері атынан командамызға сәттілік, жоғары нәтижелер және жарқын жеңістер тілейміз!




