2026 жылдың 23 сәуірінде Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің базасында Жетісу облысы колледж білім алушылары арасында «Қазақстан тарихы» пәнінен облыстық олимпиада өтті. Білім додасы ұлт көшбасшысы, «Алаш» партиясының негізін қалаушы Әлихан Бөкейханның 160 жылдық мерейтойына арналды.Ұлттық тарихты ұлықтауды мақсат еткен бұл шараны колледждің тарих пәні оқытушылары: педагог-сарапшы-Казыбаева Назгуль Аукеновна мен педагог-модератор Байтогаева Жаркын Аширжановна ұйымдастырды. Шараның мақсаты — еліміздің бай тарихын зерделеу, халқымыздың мәдени мұрасын қастерлеу және жас ұрпақтың санасына рухани құндылықтар мен отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру. 91 жылдық тарихы бар Талдықорған жоғары политехникалық колледжі бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа өз инновацияларын таныстырған еліміздің жетекші білім ордасы болып табылады. Олимпиаданың ашылу салтанатында колледж директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Бижігітов Мұхтар Байсұлтанұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.Зияткерлік дода екі негізгі турдан тұрды: І тур: Қатысушылар цифрлық платформада 45 минут ішінде 30 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындады.ІІ тур: «Brain Battle Әлихан edition» атты зияткерлік ойыны өткізіліп, білімгерлер Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметіне арналған танымдық сайыста бақ сынасты.Олимпиаданың әділ өтуін Талдықорған заң колледжінің оқытушысы Т.Е. Уразымбетов, №2 орта мектептің мұғалімі А.Д. Сейтбаткалова және Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының бас маманы Ш.С. Саматовадан құралған әділқазылар алқасы қадағалады. Сайыс соңында қатысушылар үшін колледждің «Жас маман» жобасы аясында жаңартылған инновациялық базасына, атап айтқанда BIM-технологиялар, агродрондар мен мехатроника зертханаларына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.Шара соңында «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан жеңімпаздар анықталып, жүлдегерлер мен белсенді қатысушылар арнайы марапаттармен және сертификаттармен марапатталды. Олимпиаданың жабылу рәсімінде №1 кафедра меңгерушісі Г.Қ. Камарова қорытынды сөз сөйлеп, жас ізденушілердің тарихқа деген құштарлығы ел болашағының кепілі екенін атап өтті. Бұл күн Жетісу жастары үшін тарихи таным мен заманауи технология тоғысқан ұмытылмас сәт ретінде есте қалды.
Тарих пән оқытушылары педагог-сарапшы-
Казыбаева Назгуль Аукеновна
педагог-модератор -Байтогаева Жаркын Аширжановна


