Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде Оңтүстік Кореяның жетекші IT компанияларының бірі — KT UCC компаниясының өкілдерімен маңызды кездесу өтті.
Аталған іс-шара халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Жұмыс сапары аясында кореялық делегация колледждің білім беру үдерісімен танысып, өзара әріптестікті дамыту бағыттарын талқылады.
Кездесу барысында салтанатты түрде KT академиясын қолдауға арналған қаржылай көмек табысталды. Сонымен қатар, корей тілі курсын үздік аяқтаған студенттер арнайы шәкіртақымен марапатталды. Бұл қолдау студенттердің сапалы білім алып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуына үлкен серпін береді.
Кездесу нәтижесінде колледж студенттері халықаралық деңгейдегі компаниялармен ынтымақтастық орнатып, кәсіби дамуға қосымша мүмкіндіктерге ие болды.

