CHINT.KZ компаниясымен бірлескен заманауи оқу зертханасының салтанатты ашылуы өтті

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде халықаралық CHINT.KZ компаниясымен бірлескен заманауи оқу зертханасының салтанатты ашылуы өтті. Аталған маңызды іс-шара білім беру жүйесі мен өндіріс арасындағы өзара ықпалдастықты нығайту жолындағы нақты қадамдардың бірі болды.

Салтанатты шараға колледж басшылығы, оқытушылар құрамы, студенттер, сондай-ақ CHINT.KZ компаниясының ресми делегациясы қатысты. Іс-шара барысында қонақтарға колледждің материалдық-техникалық базасы таныстырылып, оқу кабинеттері мен заманауи жабдықталған зертханаларға экскурсия ұйымдастырылды.

Жиын аясында тараптар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, білім беру мен өндірістік тәжірибені ұштастыру бағытындағы бірлескен жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды. Бұл құжат болашақта екіжақты әріптестікті жүйелі түрде дамытуға негіз болады.

Ашылған жаңа оқу зертханасы – студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, электротехника және энергетика саласындағы заманауи технологияларды терең меңгеруіне, сондай-ақ тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге арналған бірегей білім беру алаңы. Зертхана оқу үдерісін өндірістік талаптарға жақындатып, білім алушылардың еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып қалыптасуына мүмкіндік береді.

Бұл жоба аясында студенттер заманауи электротехникалық жабдықтармен жұмыс істеу тәжірибесін жинақтап, кәсіби тағылымдамалардан өту және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне ие болады.

Аталған игі бастама – білім беру сапасын арттыруға, инженерлік кадрларды даярлау жүйесін жетілдіруге және халықаралық серіктестікті кеңейтуге бағытталған маңызды қадам. CHINT.KZ компаниясымен бірлескен жоба алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны сөзсіз.

Правила публикации комментариев

Убедительно просим всех пользователей соблюдать правила общения на данной площадке.

Комментарии от анонимных пользователей не публикуются.

Комментарий может быть отклонён, если он:

  • содержит оскорбления, угрозы, разжигает ненависть или дискриминацию по расовому, этническому, половому, религиозному или социальному признаку;
    • нарушает права и интересы третьих лиц, включая несовершеннолетних;
    • содержит персональные данные третьих лиц без их согласия;
    • носит рекламный характер, содержит спам или ссылки на сторонние ресурсы с коммерческим содержанием;
    • противоречит действующему законодательству Республики Казахстан;
    • содержит нецензурную лексику, непристойные выражения или завуалированные формы таких выражений;
    • содержит личные жалобы, просьбы или обращения, требующие индивидуального рассмотрения;
    • оформлен в виде петиции или массового обращения;
    • не несёт смысловой нагрузки, является флудом или повторяющимися сообщениями;
    • трудно читаем или не поддаётся пониманию;
    • полностью или преимущественно написан заглавными буквами;
    • не структурирован (отсутствуют предложения, логика изложения).

Просим соблюдать нормы грамотности и уважительного общения. Комментарии, не соответствующие данным требованиям, могут быть удалены независимо от их содержания.

В случае систематического нарушения правил доступ к публикации комментариев может быть ограничен.

Scroll to Top