Талдықорған жоғары медициналық колледжінің 90 жылдығына орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушы қыздары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.
Аталған спорттық іс-шараға өңірдегі түрлі колледждердің командалары қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, командалық үйлесімділік пен жеңіске деген жігерін көрсетті.
Нәтижесінде, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің қыздар командасы үздік ойын өрнегін көрсетіп, І орынды иеленді.
Сонымен қатар, жарыс барысында ерекше шеберлігімен көзге түскен білімгер Тлеужанқызы Диляра «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз.

