AI-HACKATHON: «ЖИ АРҚЫЛЫ МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ КОНТЕНТ ЖАСАУ»

Студенттердің цифрлық шығармашылығын дамыту мақсатында №2 жаратылыстану-математика пәндер кафедрасының оқытушылары А.С.Узбанова және М.Д. Жолдасова 2 курс SW-415b, SW-425b және SW-51b студентері арасында АI-HACKATHON: «ЖИ арқылы мультимедиалық контент жасау» тақырыбында шығармашылық байқау ұйымдастырды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді Grok, PixVerse, Suno AI және CapCut сияқты ЖИ құралдарын кешенді түрде қолдануға үйрету, мамандыққа деген қызығушылықты цифрлық мультипликация мен видео-контент арқылы арттыру.

Іс-шара барысында қатысушыларға жеребе арқылы үш тақырыптың бірі ұсынылып, сол тақырып негізінде заманауи видеоконтент әзірлеу тапсырылды.

Қатысушылар келесі бағыттар бойынша жұмыстар дайындады:

 «Заттар сөйлесе…» – кітап, телефон, компьютер, қалам сияқты күнделікті қолданылатын заттарды «сөйлетіп», мультимедиалық сюжет жасау.

 «Мұқағали Мақатаев: ЖИ арқылы жанданған поэзия» – ақынның өлеңін негізге алып, жасанды интеллект көмегімен анимациялық клип жасау.

«Талдықорған жоғары политехникалық колледжі: Болашақ осында басталады» – колледждің имиджі мен мамандықтарын заманауи музыкалық видео форматында таныстыру.

Хакатон барысында студенттер жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, креативті идеяларын жүзеге асырып, цифрлық медиаконтент жасаудың жаңа мүмкіндіктерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтижелер көрсеткен студенттер марапатталып, олардың жұмыстары жоғары бағаланды. Мұндай іс-шаралар студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға және болашақ маман ретінде қалыптасуына үлкен мүмкіндік береді.

Правила публикации комментариев

Убедительно просим всех пользователей соблюдать правила общения на данной площадке.

Комментарии от анонимных пользователей не публикуются.

Комментарий может быть отклонён, если он:

  • содержит оскорбления, угрозы, разжигает ненависть или дискриминацию по расовому, этническому, половому, религиозному или социальному признаку;
    • нарушает права и интересы третьих лиц, включая несовершеннолетних;
    • содержит персональные данные третьих лиц без их согласия;
    • носит рекламный характер, содержит спам или ссылки на сторонние ресурсы с коммерческим содержанием;
    • противоречит действующему законодательству Республики Казахстан;
    • содержит нецензурную лексику, непристойные выражения или завуалированные формы таких выражений;
    • содержит личные жалобы, просьбы или обращения, требующие индивидуального рассмотрения;
    • оформлен в виде петиции или массового обращения;
    • не несёт смысловой нагрузки, является флудом или повторяющимися сообщениями;
    • трудно читаем или не поддаётся пониманию;
    • полностью или преимущественно написан заглавными буквами;
    • не структурирован (отсутствуют предложения, логика изложения).

Просим соблюдать нормы грамотности и уважительного общения. Комментарии, не соответствующие данным требованиям, могут быть удалены независимо от их содержания.

В случае систематического нарушения правил доступ к публикации комментариев может быть ограничен.

Scroll to Top