Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың кәсіптік білім алуы және олардың қоғамға интеграциялануы, табысты әлеуметтенуіне, қоғам өміріне толыққанды қатысуын қамтамасыз етуге негізгі шарттардың бірі болып табылады. Осы бағытта 2018-2019 оқу жылының басында колледжде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы, «Дизайнер» біліктілігі бойынша есту қабiлетiнде бұзылыстары бар студенттер қабылданып эксперимент режимінде арнайы топ құрылды.
2019-2020 оқу жылынан бастап колледждегі барлық эксперименттік жұмыстар топтастырылып «Эксперимент режимінде білім беру бөлімі» ашылды. Аталмыш бөлімде инклюзивті білім беру бойынша 1 арнайы топ ИС-813б (12 білімгер), топ жетекшісі Оралбаева Бинур Аскаровна, және 2 инклюзивті топтар ИС-912б, топ жетекшісі Окпаева Айгүл Жұмашқызы (12 білімгер оның 4 ерекше білім беруді қажет етеді ), ИС-914б (16 білімгер), топ жетекшісі Абдрешева Ажаргуль Батырғалиевна, барлығы 40 білімгер білім алуда.
Оның ішінде есту қабілеті бұзылған білімгерлер саны – 19, жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар студенттер саны – 6, Есімбек Мадияр- жүріп-тұру мүшелерiнiң функциялары бұзылған.
Оқу жылының басында «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ әзірлеген жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар тұлғаларға арналған 20 арнайы оқу бағдарламасын негізге ала отырып ерекше білім беруді қажет ететін студенттерге оқу жоспары, білім алушылардың ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация тұжырымдамасы ескерілді) жеке жұмыс жоспарлары әзірленіп бекітілді.
Колледжде инклюзивті білім беруді енгізудегі эксперименттік жұмыстар Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және Білім және ғылым министрлігінің биылғы оқу жылына оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулық-әдістемелік ұсыныстардың негізінде ұйымдастырылып отыр.
Оқу жылының басында пән оқытушылары жеңіл ақыл ой кемістігі бар білім алушыларға арналған үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес оқу жұмыс бағдарламаларын дайындады (Министрліктің 2017 жылығы 27 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген).
Білім алушының оқытушымен бірге жеке жұмыс жүргізуіне оқу жоспарларында әрбір пән және (немесе) модуль бойынша оқу уақытының көлемінің 15% оқытушының тарифтік жүктемесіне қосылды.
Ерекше білім беруді қажет ететін топтармен жұмысты ұйымдастыруда 2 сурдо-аудармашы және 2 өндірістік оқыту шебері жұмыс жасайды.
Колледждегі оқу үрдісінде инклюзивтік білім беру жүйесін эксперимент режимінде енгізу жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды. Құрамында колледж психологы, кәсіптік және педагогикалық кафедрасының, тілдер мен арнайы пәндер оқытушылары бар. Жұмыс тобының жетекшісі Окпаева А.Ж.
Жұмыс тобының құрамы: